Түркістан облыстық балалар ауруханасында туа біткен ақауы бар жаңа туған нәрестеге ота жасалынды. Нәресте 41 аптасында 2740 гр салмақпен іштен туа біткен іштің алдыңғы қабырғасының жарығы (омфалоцеле) ақауымен дүниеге ОПО 1- де келді. Туа біткен бұл ақау нәрестенің антенатальды УДЗ-інде анықталмаған. Нәрестеге өмірінің алғашқы сағатында ОБА- сының мамандармен кеңес алынып, ОБА-сына ауыстырылды. Нәрестеге өмірінің бірінші сағаттарында ота алдылық дайындық жүргізіліп, Отаға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс балалар хирургі, медицина ғылымдарының кандидаты, «Астана медицина университеті» КЕАҚ Балалар хирургиясы кафедрасының меңгерушісі Ерекешов Асылжан Аубакирович, неонатальды хирургтары Турысбеков С.А. және Кадыров С.С.- тың қатысумен, анестезиолог Нұсқабай Ш.М. наркоз беріліп ота жасалынды. Ота барысында іш қуысынан сыртта жатқан асқазан, бауыр, ащы ішек пен тоқ ішектің қазметтері тексерілді. Айта кететін жәйт, ащы ішекті тексеру барысында тағы бір туа біткен ақау- сары өзектің туа біткен ақауы (врожденная аномали развития желточного протока), Меккел дивертикулы табылып, ота барысында Меккель дивертикулы кесілініп (клинивидная резекция) алып тасталынып, ащы ішекке анастомоз жасалынды. Отадан кейін нәресте қәзіргі таңда жаңа туылған нәрестелердің жаң сақтау бөлімінде емін жалғастыруда. Құрметпен
Нагима Койшыбаевна Мухаметжанова

