Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
"Облыстық балалар ауруханасы"
Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық балалар ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Облыстық балалар ауруханасы"
Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық балалар ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
WhatsApp Image 2025-10-02 at 16.58.34.jpeg
2.jpg
1.jpg
Blue White Modern Medical Facebook Cover 1.jpg
1.jpg
2.jpeg
previous arrow
next arrow
422

Төсек-орын

20332

2025 жылы емделіп шыққан

75929

2025 жылы КДО-да қабылданған

Түркістан облыстық көпбейінді балалар ауруханасы

Түркістан облыстық көпбейінді балалар ауруханасы 

 

    Түркістан облыстық балалар ауруханасы қазіргі заманғы көпбейінді клиникаларының бірі, III деңгейдегі аурухана ретінде аудандардан жіберілген 18 жасқа дейінгі балаларға шұғыл және жоспарлы медициналық көмек түрлерін көрсететін көпсалалы, бірегей аурухана.  

 Аурухана ұжымының қызметі жоғары бағаланып, 2024 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің “Беделді балалар ауруханасы” жүлдегері атанып, жоғары мәртебесіне ие болды.

 2025 жылы денсаулық сақтау саласының  сапа бойынша аккредиттеу орталығының Ұлттық стандарттарға сәйкестігін бағалаудан сәтті өтіп,      медициналық қызмет көрсету стандарттары мен өлшемшарттарына сәйкестіктің жоғары санатын алды.   

Облыстық балалар ауруханасын жаңарту - бұл өңірдегі медициналық көмектің сапасын арттыруға, кадрлық әлеуетті дамытуға және педиатрияның заманауи стандарттарын енгізуге бағытталған стратегиялық бастама.

Жобаны іске асыру Түркістан облысының балаларына еліміздің жетекші клиникалары деңгейінде жоғары білікті медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Аурухананың инфрақұрылымы белсенді дамуда және бейінді көмекті ұйымдастырудың жаңа тәсілдері енгізілуде.

Аурухананың төсек қоры – 422 төсек орын, оның 224 хирургиялық және 162 педиатриялық сала және 36 медициналық реабилитация мен қалпына келтіру  төсектер.

 Құрамында 31 бейінді тәулік бойы көмек көрсететін 14 клиникалық бөлімше  және 50 орындық күндізгі стационар бар. 

2025 жылы ауруханадан  20332 пациент ем алып шықты,  оның  17 445-і МӘМС пакеті шеңберінде, 55 % ауыл тұрғындары.

Сәулелік және функционалдық диагностика бөлімшесі, МРТ, КТ, рентгенологиялық, ультрадыбыстық және   эндоскопиялық зерттеулер жүргізіледі.

Бір жылда 6756 оталар жасалынды, жоғарымамндырылған 26 ота. Консультатвитік диагностика  орталығында 75 929 пациент қабылданды, 3615 КТ, 2382 МРТ, 19 472 рентгензерттеулер, 13 545 УДЗ, 1390 ЭФГДС жасалынды.

Неонаталдық хирургияның дамуы туа біткен патологиясы бар жаңа туған балалардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Неонаталдық хирургтер пренаталдық консилиумдарға қатысуда, өткен жылы 763 нәресте, облыстық балалар ауруханасына 728 нәресте ауыстырылды, оның ішінде 195 нәресте даму кемістіктерін жедел түзетуге, облыстық перинаталдық орталықтарда аурухананың  неонаталдық хирургтері жаңа туған нәрестелерге 59 ота жасады.

Аурухана жанынан 420 адам қабылдайтын консультациялық-диагностикалық орталық, сурдологиялық және телемедициналық орталықтар, педиатриялық курация орталығы,   госпитальдық фармация бөлімшесі жұмыс істейді.

2020 жылы «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен «Қамқорлық қоры» ерте даму орталығы ашылды.

Аурухана құрамында қуаты жылына 557 мыңнан астам зерттеу жүргізетін параклиникалық бөлімшелер, жылына 500 мыңнан астам зертханалық зерттеу жүргізілетін клиникалық-диагностикалық зертхана жұмыс істейді.

            Облыстық балалар ауруханаларының реновациясына арналған шеберлік-план шенберінде консультативтік-диагностикалық орталығында  құзыретті үйлестіру орталықтары ашылды: көру қабілетін қорғау орталығы, нефрология, ревматология, гастроэнтерология бойынша үйлестіру орталықтары, эндокринология, гематология, аллергология бойынша үйлестіру орталықтары, бет жақ хирургиясы және ортопедия бойынша үйлестіру орталықтары.

Балалар кардиохирургиясына жоғары технологиялық көмек көрсетілуде туа біткен жүрек кемістігі бар балаларға  оталар жасалып, оның ішінде ВПС окклюдерімен рентгенэндоваскулярлық жабу арқылы еңгізілді.   Барлық ота жасалған балалар ай сайын балалар кардиохирургі мен кардиологтың бақылауында болады.

Неонаталдық хирургияның дамуы туа біткен патологиясы бар жаңа туған балалардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Нәрестелердің жұлын жарығын кесу бойынша нейрохирургиялық операциялар, жақ-бет аймағының туа біткен ақаулары кезінде реконструктивтік операциялар, балаларда жұлын жарақаттары кезінде операциялар сәтті жүргізілуде.

Балалар офтальмологиялық қызметі өз бейіні бойынша жалғыз қызмет болып табылады және облыс пен Шымкент қаласының тұрғындарына да қызмет көрсетіледі.

Ауруханада онкогематологиялық бөлімшесінде  онкологиялық және созылмалы қан ауруларымен ауыратын балалар химиялық терапиядан кейін диагностика мен ем алады.

Толығырақ
Бс, 30 Шілде 2026
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ АЛҒЫС ХАТ
Ср, 29 Шілде 2026
Медициналық авиация
Бс, 09 Шілде 2026
14 наурыз – Амал мерекесі

Мемлекеттік бағдарламалар

Біз картада