Түркістан облысында «Медициналық көмектің флагманы» конкурсының жеңімпаздары марапатталды. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның 10 жылдығына орай ұйымдастырылған байқауға Түркістан облысынан Қормен келісімшарт жасасқан 186 медициналық ұйым қатысты. Медициналық ұйымдардың қызметі медициналық көмектің сапасы, қаржылық тұрақтылық, халықпен ақпараттық жұмыс, арыз-шағымдар санының төмендеуі, Пациенттерді қолдау қызметінің тиімділігі және «Qalgan» жүйесіне қатысу деңгейі бойынша бағаланды. Конкурс қорытындысында Түркістан облыстық балалар ауруханасы стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсету бағыты бойынша үздік деп танылып, жеңімпаз атанды! Түркістан облыстық балалар ауруханасы — балаларға тәулік бойы мамандандырылған медициналық көмек көрсететін, күрделі жағдайдағы науқастарды емдеуді және медициналық көмектің үздіксіздігін қамтамасыз ететін жетекші медициналық ұйымдардың бірі. Бұл жетістік — балалар денсаулығын қорғау жолындағы жүйелі жұмыстың, медициналық қызмет сапасын арттыруға бағытталған шаралардың және аурухана ұжымының кәсіби еңбегінің нәтижесі.
