МӘМС - тегі мәртебені тексеру арналары
Қор филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы Л.Сапарбекова "Түркістан 77" телеарнасына сұхбат берді.
Қордың ЖСН енгізіп міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз мәртебеңді білуге болатын жеке сервистері бар. Олардың қатарына келесілер жатады:
• https://msqory.kz/ ресми сайты - парақшаның ортасындағы «Сақтандыру мәртебесін тексеріңіз» жолағы арқылы;
• Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы - бас мәзірдегі «Сақтандыру мәртебесін тексеру» пәрмені арқылы;
• Telegram - дағы @SaqtandyrýBot - негізгі мәзірдегі «Сақтандыру мәртебесін анықтау» пәрмені арқылы.
Сондай - ақ, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры екінші деңгейдегі банктермен және медициналық ақпараттық жүйелерді жеткізушілермен тиісті келісімдер жасай отырып, сақтандыру мәртебесін тексеру және жарналарды төлеу үшін сервистерді кеңейту бағытында тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Бүгінгі таңда бұл мүмкіндік келесідей мобильді қосымшаларда қолжетімді:
• Damumed
• Halyk (Халық банкі)
• BCC.KZ (ЦентрКредит банкі)
• Kaspi.kz (Kaspi Bank)
• Forte (Forte Bank)
• Freedom SuperApp (Фридом Банк Қазақстан)
• Bereke bank (Bereke Банк)
Сонымен қатар, egov.kz электрондық үкімет сайтында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу және аударымдардың және немесе жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі бар.
#мәмстүркістан #осмстуркестан #фсмстуркестан #туркестан

Досанова Алтын Мейрамбаевна
Түркістан облысы денсаулық басқармасының «Облыстық балалар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы