Баспасөз релизі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 56 бекітілген «2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасында Түркістан облысының «Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК және Ақтөбе облысының «Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК базаларында балалар кардиохирургиялық орталықтарын құру жоспарланған.
Түркістан облыстық көпбейінді балалар ауруханасында өңірлік кардиохирургиялық орталықтың ашылуы өңірдегі балаларға кардиохирургиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, жүрек-қан тамыры ауруларынан нәресте өлімін төмендетуге және жүректерінің туа біткен ахаулары бар балалардың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді деп күтулуде.
Түркістан облысының балалар саны 900 мыңнан астам адамды құрайды. Жыл сайын облыста 80 мыңнан астам бала дүниеге келеді.
Түркістан облысы бойынша бір жасқа дейінгі балалардың жүрек және қан айналымы жүйесінің туа біткен аномалияларымен (даму кемістіктері) сырқаттанушылық көрсеткіші - бір жастағы мың балаға шаққанда 35,0 (ҚР -22,5).
2014 жылдан бері туа біткен жүректің ахауларына 3433 ота жасалынған. Бір жылда балалар кардиохирургиялық бөлімшесінде 100 –ден астам ота жасалынса, оның ішінде 82 %-ы ашық жүрекке жасанды қанайналымы аппаратың қолданумен, 78%-ы бір жасқа дейінгі балаларға, 26 ота критикалық жағдайдағы туа біткен аномалиясымен туған жаңа туған нәрестелерге жасалынады.
Түркістан облысы балалар ауруханасы көпсалалы балалар клиникасы ретінде аудандық медициналық ұйымдар үшін үйлестіру функциясын атқарады: аудандарға кураторлық сапарлар, критикалық жағдай балалардың онлайн консилиумдары, жедел мәселелер бойынша апта сайынғы дәрігерлік кеңестері және т.б. Қажетті көмектің барлық көлемін бейінді мамандар медициналық авиация желісі бойынша жүзеге асырады.
Кәзіргі таңда Облыстық балалар ауруханасының кардиохирургия бөлімшесі Түркістан облысы және Шымкент қаласы тұрғындарына қызмет көрсетеді. Жамбыл және Қызылорда облыстарынан медициналық авиация арқылы жеткізілген жаңа туған нәрестелерге ота жасаған тәжірибеміз бар.
Облыстық балалар ауруханасының қазіргі балалар кардиохирургиясы бөлімшесін кеңейтіліп, кардиожансақтау бөлімшесіне және ота залдарына ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізілді. Регионалды кардиохирургиялық орталық «Г» блогына орналастырылды, жалпы көлемі 1897,5 шаршы метрді құрайды. Орталықтың толыққанды жұмыс істеуі үшін аталған блокта ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Білікті медициналық персонал бар. Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы қазіргі замануи медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз етті.
Регионалды кардиохирургиялық орталықтың негізгі мақсаты: туа біткен жүрек ақауларының (ВПС) бар балаларға жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету. Жүрек-қан тамыры ауруларынан бала өлімін төмендету және балалардың өмір сүру сапасын арттыру. Сонымен қатар, өңірде балаларға кардиохирургиялық көмек көрсетуді жоғары деңгеде ұйымдастыру, туа біткен жүрек ақауларының (ВПС) диагностикасы мен емдеудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу, медицина мамандарын оқыту және біліктілігін арттыру, консультациялық көмек үшін телемедициналық технологияларды дамыту.
Регионалды кардиохирургиялық орталықтың ашылуынан күтілетін нәтижелер:
- Жүрек-қан тамыры ауруларынан бала өлімін төмендету;
- Туа біткен жүрек ақауларының (ВПС) түзету бойынша операциялардың санын ұлғайту;
- Туа біткен жүрек ақауларының (ВПС) бар балалардың өмір сүру сапасын арттыру;
Облыстық балалар ауруханасы ең заманауи жабдықтармен - ангиографпен, МРТ және КТ жабдықталған, 32 бейін бойынша қызмет көрсететін 422 төсектік көп бейінді ірі балалар емханасы болып табылады. Аурухананы дамытудың басым бағыттары: балалар кардиохирургиясы, интервенциялық рентгенхирургия, неонаталдық хирургия, неонаталдық нейрохирургия, балалар офтальмологиясы, травматологтар және ортопедия.
