Баспасөз релизі
ТО ДСБ-ның «Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК, Д корпусы 3 этаж, үлкен залдың алдындағы холл
Түркістан облыстық балалар ауруханасында балалар уронефрологиясы орталығының ашылуына орай
Өткізілетін күні: 2026 жылғы 14 қыркүйек, сағат 11:00
Өткізілетін орны: ТО ДСБ-ның «Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК, Д корпусы 3 этаж, үлкен залдың алдындағы холл
Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК базасында балалар уронефрологиясы орталығының салтанатты ашылуы өтеді.
Жаңа орталықтың ашылуы — облысымыздағы бүйрек және несеп-жыныс жүйесінің туа біткен әрі жүре пайда болған күрделі патологиялары бар балаларға жоғары технологиялық, заманауи және мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді жаңа сапалық деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам. Түркістан облыстық балалар аурухансында 2025 жылғы тамыздан бастап бағдарламалық перитонеалдық диализ жүргізу үшін терминалдық созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар балаларға перитонеалдық катетерді имплантациялау енгізілді. 2018 жылдан бері Гемодиафильтрация енгізілген (Prismaflex).
Орталықтың басты бағыттары мен мүмкіндіктері:
- Жоғары технологиялық диагностика мен емдеу: Бөлімшеде бүйрек пен несеп жолдарының туа біткен ақауларына (нефротикалық синдром, пиелонефрит, гидронефроз, мегауретер және т.б.) аз инвазивті эндоскопиялық және лапароскопиялық оталар жасалады.
- Мультидисциплинарлық тәсіл: Балалар нефрологтары, урологтар, реаниматологтар мен функционалды диагностика мамандарының бірлескен кешенді емдеу жүйесі жолға қойылады.
- Балалар өлім-жітімі мен мүгедектігін азайту: Бүйрек ауруларын ерте кезеңде анықтау және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің алдын алу арқылы кішкентай пациенттердің өмір сүру сапасын арттыру.
Салтанатты шараға Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшылығы, еліміздің жетекші балалар урологтары мен нефрологтары, аурухана ұжымы және БАҚ өкілдері қатысады. Ашылу аясында құрметті қонақтар Орталықпен танысады.
Түркістан облыстық балалар ауруханасында ҚР ДСМ-нің “Облыстық балалар ауруханаларының реновация” жобасы шеңберінде іс-шаралар атқаруда.
Түркістан Облыстық балалар ауруханасын жаңарту - бұл өңірдегі медициналық көмектің сапасын арттыруға, кадрлық әлеуетті дамытуға және педиатрияның заманауи стандарттарын енгізуге бағытталған стратегиялық бастама. Жобаны іске асыру Түркістан облысының балаларына еліміздің жетекші клиникалары деңгейінде жоғары білікті медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Аурухананың инфрақұрылымы белсенді дамуда және бейінді көмекті ұйымдастырудың жаңа тәсілдері енгізілуде.
Түркістан облысының облыстық балалар ауруханасын жаңарту балалар мен жасөспірімдер үшін заманауи, қауіпсіз және қолжетімді медициналық орта құруға бағытталған. Жоба мекеменің инфрақұрылымын кешенді жаңартуды, озық медициналық технологияларды және медициналық персоналды енгізуді көздейді.
Білікті медициналық персонал бар. Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы қазіргі замануи медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз етті. Түркістан облысының балалар саны 900 мыңнан астам адамды құрайды. Жыл сайын облыста 80 мыңнан астам бала дүниеге келеді.
Балалар урологиясы бойынша жасалатын оталар:
- Көпіршікті-несепнәрлі рефлюксті эндоскопиялық түзету (ПМР) (Түркістан облысында алғаш рет) - Эндоскопическая коррекция пузырно-мочеточникового рефлюкса (ПМР) (впервые в Туркестанской области)
- Қуыққа, несеп жолдарына және уретраға лапароскопиялық операциялар (Лапароскопические операции на мочевом пузыре, мочеточниках и уретре)
- Несеп жолдарын стенттеу (Стентирование мочеточников)
Балалар нефрологиясы бойынша:
- Бүйректің созылмалы ауруымен ауыратын пациенттерді жүргізу (Ведение пациентов с хронической болезнью почек)
- Пациенттерді бүйректі транспланттауға дайындау және транспланттаудан кейінгі кезеңде сүйемелдеу (Подготовка пациентов к трансплантации почки и сопровождение в посттрансплантационном периоде)
- Пациенттерді бағдарламалық перитонеалдық диализде жүргізу (Ведение пациентов на программном перитонеальном диализе)
- Ата-аналар мен пациенттерді үйде перитонеалдық диализ жүргізу әдістемесіне оқыту (Обучение родителей и пациентов методике проведения перитонеального диализа в домашних условиях)
Экстракорпоральная детоксикация+интервенционная нефрология
- Плазмаферез
- Плазма алмасу
- Гемодиализ
- Аз инвазивті емдеу әдістері+АВФ құру, түзету
