Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлердің кәсіби шеберлігі мен жедел әрекетінің арқасында бір жасар баладағы күрделі жағдай сәтті шешілді. Құрметті ата-аналар, сақ болыңыз! Балалардың қауіпсіздігі – бәрінен маңызды! 22 қазан 2026 жылы түнгі кезекшілікте аурухананың қабылдау бөліміне 1 жасар сәби шұғыл түрде Мақтарал ауданынан жеткізілді. Анасының айтуынша, бала байқаусызда құлаққап сырға жұтып қойған. Алғашқы көмек аудандық орталық ауруханасында (ЦРБ) көрсетіліп, кеуде қуысына рентген түсірілімі жасалғаннан кейін, сәби дереу Облыстық балалар ауруханасына жіберілді. Жедел түрде жеткізілген балаға блыстық балалар ауруханасының кезекші хирургтері дер кезінде дұрыс диагноз қойып («Өңештің жоғарғы үштен бірінің бөтен денесі (сырғалар)»), рентген арқылы заттың орнын нақты анықтады.
Тәжірибелі дәрігерлердің жедел әрекеті және мамандардың жоғары кәсібилігі мен үйлесімді жұмысының нәтижесінде арқылы Рахманкулов Бабуржан Ирискулович эзофагоскопия жасалып, бөтен дене (сырғалар) сәтті түрде алынып тасталды. Қазіргі таңда баланың жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Дәрігерлердің кәсіби шеберлігі мен жедел әрекетінің арқасында бұл күрделі жағдай сәтті шешілді. Бұл – ақ халатты абзал жандардың өз ісіне тиянақтылығы мен жауапкершілігінің тағы бір жарқын көрінісі. Ата-аналарға ескерту Кішкентай балалардың қоршаған әлемді заттарды аузына салу арқылы танитыны белгілі. Сырға, ұсақ түйме, тиын және басқа да қауіпті заттарды балалардың қолдары жетпейтін жерде сақтаңыздар. Сақ болыңыздар!
