Төсек
2024 жылы
емделді
КДКК
қабылданды
Түркістан облыстық көпбейінді балалар ауруханасы
2024 жылда атқарылған іс - шаралар туралы алдын - ала мәлімет
Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Облыстық балалар ауруханасы» МКК облыстық деңгейдегі балалар ауруханасының ішінде көппрофильді республика бойынша ірі аурухана. Қызмет көрсетілетін халық саны 895 000 - нан астам баланы құрайды. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасы III деңгейдегі аурухана ретінде аудандардан жіберілген пациенттерге шұғыл және жоспарлы түрде медициналық қызметтерін ұсынады. Педиатрия және балалар хирургиясы бойынша мамандандырылған стационарлық және стационарды алмастыратын көмектің барлық бейіндерін қамтиды, оның ішінде онкогематология, нейрохирургия, ангиохирургия, неонаталдық хирургия, травматология және ортопедия, офтальмология, ревматология, аллергология, пульмонология, нефрология,және кардиохирургиясы бағыты бойынша жоғары мамандандырылған қызметтер көрсетіледі.